Ел жаңалықтары

Астананың қоғамдық көліктерінде қандай өзгерістер болады

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Астанада жақында қалаішілік жаңа экспресс бағдар жолға шығып, тағы бір бағыттағы автобус көпсыйымды қоғамдық көлікке ауыстырылады. Қалаішілік бағдарлардағы тың жаңалықтар туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің жолдаған сауалына орай «Астана LRT» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева айтып берді.


«Жуық арада жаңа №104 экспресс бағдар іске қосылады. Жаңа автобус 2018 жылдың 10 ақпанынан бастап Сусамыр көшесі мен «Азия парк» ОСО аралығында қатынайды. Сонымен бірге, 7 ақпаннан №11 автобустың маршруты «Кирпичный» тұрғын алабына дейін ұзартылып, 3 ақпаннан бастап №100 автобус «Пригородный» тұрғын алабына да қызмет көрсететін болады. 2018 жылы жаңа экспресті және түрлендірілген бағдарларды (мәселен, 4 және 4А, 22 және 22А) ашу көзделуде», - деп хабарлады Науат Азанбаева.


Оның атап өтуінше, қала ішінде қозғалыс көбейетін уақытта жолаушыларға ыңғайлы жол жүрісін қамтамасыз ету үшін автобустардың толымдылығына тұрақты түрде талдау жүргізіліп отырады.


«Осы бағытта талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта көпсыйымды 18 метрлік қоғамдық көліктерді іске қосу жоспарда бар. Нақтырақ айтқанда, №8 автобустар көпсыйымды автобустарға ауыстырылады», - деді Науат Азанбаева.


 




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.01.2018, 17:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31