Ел жаңалықтары

Атбасарда құдықтан табылған сәбидің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

  • Атбасарда құдықтан табылған сәбидің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

    Атбасарда құдықтан табылған сәбидің өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Ақмола облысындағы жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Атбасар қаласында құдықтан сәбидің өлі денесі табылғанын хабарлаған едік. Шамамен 2-3 айлық қыз бала суағар жанындағы құдық түбінде көп уақыт жатып қалғанға ұқсайды.


Салмағы 5 келідей болатын нәрестенің денесі целлофан қапшыққа салынған екен.


Оны суағарларды жөндеп жүрген слесарь құдыққа түскен кезде тауып алған. Алғашқыда оралған ескі киім-кешектер екен деп ойлаған ол қапшықты сыртта қалған жұмысшыға беріпті.


Ашса, ішінде бүліне нәрестенің бастаған мүрдесі бар болып шыққан. Олар бірден полицияға хабар береді. Сәбидің үстінде қызғылт комбинизон бар. Тіпті памперс те кигізіп қойған екен.


Тергеу тобы кешеден бері Атбасардағы соңғы айларда босанған әйелдерді түгел іздестіріп жатыр. Бірақ мұндай сұмдыққа кімнің барғаны әзірге белгісіз.


Ал баланы тірідей құдыққа батырды ма, әлде өлтіріп пакетке салып лақтырды ма, ол жағы сараптама арқылы анықталуы тиіс


Шындығын айтқанда, әзірге полиция осы сұрақтарға қатысты нақты ештеңе айтып жатқан жоқ. Тек дерекке қатысты қылмыстық істің қозғалғаны мәлім. 




Көрілген: 1513    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 10:29

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31