Ел жаңалықтары

Атырауда танымал мәслихат депутаты шатылып жатыр

  • Атырауда танымал мәслихат депутаты шатылып жатыр

    Атырауда танымал мәслихат депутаты шатылып жатыр


Атырауда облыстық мәслихаттың депутаты әрі “Атырау” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басшысы Абат Тасымов үйқамаққа алынды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.


 

Атырауда танымал мәслихат депутаты шатылып жатыр

Абат Тасымов. КТК арнасынан кадр



Нақтырақ айтқанда, Абат Тасымов тігін цехы мен ет павильонын ашу үшін миллиондар сұрап алдына келген кәсіпкерлерге жалпақшешейлік танытыпты. Яғни олардың қолында қаржыны қайтаруға қажетті кепілдіктің жоқ екенін біле тұра, құжаттарға қол қоя берген.


Осылайша 50 миллион теңгеге жуық қаражат сұраусыз кете барған. Бұдан өзге Тасымовтың орынбасары Жанмұрат Есжанов та осының алдында істі болған еді. Ол облыстың тұрақтандыру қорына 15 тонна жарамсыз құс етін алу үшін 8 жарым миллион теңгені желге шашқан.


Бірақ Есжанов өткен айда сот шешімімен 1 жарым миллион теңгеге жуық айыппұл төлеп, құтылып кетті. Ал, қазір корпорацияның осы іске қатысы бар деген тағы бір топ қызметкерінің де басына бұлт үйіріліп, тергеліп жатыр.



 




Көрілген: 384    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 23.09.2017, 10:43

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30