Ел жаңалықтары

Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға шыққан қыз із-түссіз жоғалып кетті

  • Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға шыққан қыз із-түссіз жоғалып кетті

    Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға шыққан қыз із-түссіз жоғалып кетті

Атырау облысында ауыл тұрғыны алты тәуліктен бері іздестіріліп жатыр. 18 жастағы Алина Құрманалиева 5 мамыр күні Ганюшкино ауылындағы үйдің ауласында орналасқан әжетханаға шығып кетіп, қайтып оралмаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан


 "Алина қайтып келмеген соң, анасы іздеп шықты, алайда оны әжетханадан да, үйдің ауласынан да таба алмаған, есік жабық болған. Үйдің айналасын қарап шықтық, ешқандай із таппадық, біреу алып кетті дейін десең, көліктің ізі де болмады", — дейді Алинаның туысы.

Кейінірек такси жүргізушілерінің тұрағынан қыздың жеке куәлігі табылған. Туыстары Құрманғазы ауданы ішкі істер бөліміне арыз жазды.


"Алып қашатындай ол ешкіммен кездесіп жүрген жоқ еді, үйден шықпайтын. Біраз уақыт Алина Оралдағы оқу орындарының бірінде білім алды, алайда сырқатына байланысты үйге қайтып келді.

Алинаның жалғыз құрбысы өзге қалаға оқуға кетті, біреумен қарым-қатынас жасау үшін онда тіпті WhatsApp та болған жоқ. Ол Instagram-нан ғана парақша ашқан, "ВКонтактедегі" аккаунтын өшіріп тастады.


Қайдан іздейтінімізді білмейміз. Телефонын сөндіріп қойған", — деп толықтырды әпкесі.

Қыздың қайда екенін білетіндер болса, мына телефондарға хабарласуына болады: 87024901145, 87750288652, 87781447558.


Қыздың белгілері: арық денелі, шашы қара, бойы — ортадан сәл төмен, қой көзді.


Sputnik Қазақстан.




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 22:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31