Ел жаңалықтары

Ауа райы: Синоптиктер 28 қаңтарда қай облыстарда қатты аяз болатынын айтты

  • Ауа райы: Синоптиктер 28 қаңтарда қай облыстарда қатты аяз болатынын айтты

    Ауа райы: Синоптиктер 28 қаңтарда қай облыстарда қатты аяз болатынын айтты

Ертең, 28 қаңтарда Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап. Синоптиктердің хабарлауынша, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 28 қаңтар күні қатты аяз болады. Сондай-ақ, метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның ауа райын әлі де антициклон анықтайды. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі және боран соғады. "Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде желдің екпіні секундына 18-23 метр болып, түнде кей жерлерінде тұман түседі", - деп ескертті мамандар. Сонымен қатар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Атырау, Ақтөбе облыстарының да кей жерлерінде түнде жел күшейеді. Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау және Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.




Көрілген: 1665    Пікірлер: 0

сенбі, 27.01.2018, 17:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31