Ел жаңалықтары

Биыл қандай жолдарға ақылы жүйе енгiзiлетiнi белгiлi болды

  • Биыл қандай жолдарға ақылы жүйе енгiзiлетiнi белгiлi болды

    Биыл қандай жолдарға ақылы жүйе енгiзiлетiнi белгiлi болды

Бүгiн Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша есеп бердi. Министрдiң айтуынша, биыл Астана-Темiртау, Алматы-Қапшағай жол учаскелерiнде сынақ режимiнде ақы алына бастайды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.


«2020 жылға қарай барлығы 6,5 мың шақырым республикалық маңызды автожолға ақылы жүйе енгiзу жоспарланып отыр. Биылғы жылы 470 шақырым республикалық жолды ақылы ету жұмыстары аяқталады. Атап өтсек, Астана-Темiртау жолы (132 км), Алматы-Қапшағай (42 км) жол учаскелерiнде желтоқсан айында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталады. Биылғы желтоқсанда сынақ режимiнде ақы алынады. Осы екi учаске бойынша жұмыс келесi жылдың бiрiншi тоқсанында толық аяқталады», - дедi Қасымбек.


Министрдiң айтуынша, 2018 жылдың бiрiншi тоқсанында Алматы-Қорғас учаскесi (295 км) де ақылы болады.


«Ал қалған 5,5 мың шақырым жолға ақылы жүйенi енгiзуге келсек, биылғы желтоқсанда жобалық-сметалық құжатты әзiрлеу жұмысын аяқтап, 2018 жылы монтаж жұмыстарын бастаймыз», - дедi министр.

Сондай-ақ, министр 2023 жылға қарай ақылы жолдардың жылдық табысы 45 млрд теңгеге жетедi деген болатын.


Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ


baq.kz




Көрілген: 341    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 23.10.2017, 16:51

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30