Ел жаңалықтары

Биыл тұрмысы төмен отбасыларға жалға берілетін пәтерлер саны белгілі болды

  • Биыл тұрмысы төмен отбасыларға жалға берілетін пәтерлер саны белгілі болды

    Биыл тұрмысы төмен отбасыларға жалға берілетін пәтерлер саны белгілі болды

2018 жылы тұрмысы төмен отбасыларға жалға берілетін 3507 пәтер салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.


“Тұрмысы төмен азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу” бағыты бойынша жыл сайын республикалық бюджеттен 25 млрд теңге бөлінеді. Бұл сома өңірлерге тепе-тең беріледі”, - деді ол.


Оның айтуынша, осы бағыт бойынша былтыр өңірлерде сатып алусыз жалға берілетін 5391 пәтердің құрылысы басталған. Соның ішінде 2620 пәтер пайдалануға берілген.


“Осы орайда тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарын Қарағанды облысы орындамады. Бұл өңірде жоспарланған 96 баспананың 4-еуі ғана пайдалануға берілген. Өңірлерге бөлінген 25 млрд теңгенің 24,8 млрд теңгесі немесе жалпы көлемінің 99,2%-ы игерілді”, - деді ведомство басшысы.


Министр биыл “Нұрлы жер” бағдарламасының тұрмысы төмен азаматтарды жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз ету бағыты бойынша қанша пәтер құрылысы жоспарланып отырғанын атап өтті.


“Биыл бағдарламаның осы бағыты бойынша 184,5 мың шаршы метр, яғни 3507 пәтер құрылысы жоспарланған. Алайда Маңғыстау облысы 2018 жылдың жоспарына қатысты барлық құжатты тапсырмады”, - деді Жеңіс Қасымбек бүгінгі Үкімет отырысында.


Назерке Абибулла




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.01.2018, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31