Ел жаңалықтары

БҚО-да әкім банктен несие алып, төлемей қойған

  • БҚО-да әкім банктен несие алып, төлемей қойған

    БҚО-да әкім банктен несие алып, төлемей қойған

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі банктен 600 мың теңге көлемінде несие алып, оны 6 ай бойы төлемеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz порталына сілтеме жасап.


Облыстық әдеп жөніндегі кеңесте Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Ауыл басшысы 2017 жылдың маусымынан бастап банктен алған қарызын өтемей қойған.


Осыған байланысты сот орындаушысы облыстық әдеп жөніндегі кеңеске хат жазады. Сот өкілдері 2017 жылдың жазында ауылдық округ әкімінің аппаратына несиенің тиісті бөлігін мемлекеттік қызметкердің жалақысынан ұстап қалу туралы қаулы жіберген. Бірақ ауылдық огруг әкімі Бауыржан Қарақұлов ол құжатты әкімдіктің бухгалтериясына өткізбеген. Осылайша 600 мың теңге несие алған ауыл басшысы банкке 1 миллионнан астам теңгеге қарыз болып қалған.


«Несиені төлеуге бірнеше ай мүмкіндігім болған жоқ. Бірақ желтоқсаннан бастап төлей бастадым. Енді қарызымды ай сайын төлеп тұрамын», - деді әкім облыстық әдеп жөніндегі кеңесте.


Аталған кеңестің төрағасы Болат Исаков Бауыржан Қарақұловтың 6 ай бойы несиені төлемей келгенін мәлім етті.


«Біз аталған жағдай бойынша ауыл әкімінен түсініктеме алу үшін оны мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне шақырдық. Содан кейін ол несиені қайтара бастады. Қазіргі таңда оған қарызын төлеуге уақыт беріліп отыр. Сонда ғана сот орындаушысы шағымын кері қайтарып алатын шығар», - деді Исаков.


Облыстық әдеп жөніндегі кеңес Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің әкіміне тәртіптік жаза ретінде «ол өз лауазымына толық сәйкес келмейді» деп ескерту жасады. Ауыл әкімі мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс әрекетке барды деп танылды.




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.01.2018, 15:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31