Ел жаңалықтары

БҚО-да төрт баланың анасын қағып өлтірген экс-подполковник сот алдына келді

  • БҚО-да төрт баланың анасын қағып өлтірген экс-подполковник сот алдына келді

    БҚО-да төрт баланың анасын қағып өлтірген экс-подполковник сот алдына келді

Жол апатынан көз жұмған төрт баланың анасына қатысты өткен бірінші сот отырысында полицияның экс-подполковнигі өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Уральская Неделя.


Зардап шеккен тарап 34 жастағы Самат Наурызовтан келтірілген шығын үшін 30 миллион теңге талап отыр. Осылайша, экс-подполковник кінәсін мойындау туралы мәмілеге келетін болды. Басылымның мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен әйелдің адвокаты іс-материалдарына отбасының еске алу асына кеткен шығындарын қосуды сұрады. Сондай-ақ, қылмыстық іс материалдарына қаза болған әйелдің қызының еміне және адвокатқа кететін шығындар қосылды. Ал сотталушы тарап жұмыс орнынан және көршілері берген мінездемені іс-материалдарына қосты. Экс-подполковник Самат Наурызов биыл 22 шілдеде төрт баланың анасын қағып өлтіріп, 24 шілдеде ұсталған болатын. Жол-көлік оқиғасы Зачаганск ауылында болған еді. Самат Наурызов сол күні үйлену тойын өткізу керек болған екен, бірақ ешқандай той болған жоқ. Жол апатынан қаза болған әйел мен зардап шеккен әйел де Ақтөбеден Оралға тойға келген. Келесі сот отырысының бір аптадан соң болатыны айтылады. Келесі аптада тараптар кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келеді.




Көрілген: 351    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 12.09.2017, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30