Ел жаңалықтары

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде үсік жүреді

  • Бүгін еліміздің кей өңірлерінде үсік жүреді

    Бүгін еліміздің кей өңірлерінде үсік жүреді

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында кей жерлерде жаңбыр жауып, солтүстікте оның соңы қарға ұласуы мүмкін, найзағай және екпінді жел сақталады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп жазады Қазақпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.


Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінің біршама бөлігінде күн ашық болады. Республиканың солтүстік және солтүстік-батысында түнде кей жерлерде үсік күтіледі.


Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, найзағай, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.


Қызылорда облысында желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, ал екпіні 23-28 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласады. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.


Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз желдің күші 15-20 м/с күтіледі.


Жамбыл облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі сақталады. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік жүруі ықтимал. 




Көрілген: 289    Пікірлер: 0

сенбі, 01.09.2018, 22:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31