Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев: «Balapan» арнасы анимациялық күй дәстүрін жалғастырмақ

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және коммуниациялар министрі Дәурен Абаев «Balapan» арнасындағы «Қоңыр қаз» жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Министр Фейсбуктегі парақшасында анимациялық туындының видеосымен бөлісті.


«Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасы «Қоңыр қаз» жобасын назарларыңызға ұсынады. Жоба арқылы қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Ақсақ құланымен» басталған анимациялық күй дәстүрін қайта жалғамақшымыз. Жоба аясында Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір, Ықылас сияқты дәулескер күйшілеріміздің классикалық туындылары анимацияланады», - деп жазады Дәурен Абаев.


«Қоңыр қаз» топтамасы 2D жанрда, еліміздің белгілі мамандарының қатысуымен жүзеге асқан.


«Әр бөлімге мәдениеттанушы Зира Наурызбаева арнайы сценарий әзірлеген. Жобаның қоюшы режиссері - Дильшат Рахматуллин. Басты мақсат - Ұлы дала мұрасын ұрпақ санасына сіңіру», - деп жазады министр.


 




Көрілген: 134    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.06.2018, 15:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30