Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев ITU Telecom-2018 World форумына қатысты

  • © Вaq.kz

    © Вaq.kz

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 10-13 қыркүйек аралығында өтетін Халықаралық электр байланысы одағаның Дүниежүзілік форумына қатысуда, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.


Халықаралық форум Оңтүстік Африка республикасының Дурбан қаласында өтіп жатыр. Оның аясында өткен дөңгелек үстелде интеллектуалды цифрлық технологияларды дамыту үшін үкіметтің мүмкіндік жасауы, жаңа цифрлық әлемнің қауіптерін жою және цифрлық технологиялардың дамуына қаржы құю мәселелері талқыланды.


Дәурен Абаев баяндамасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ – ред.) дамуының және олардың ғаламдық экономиканың дамуы мен өмір сапасының артуына үлесінің маңыздылығын атап өтті.



Сонымен қатар министр бізге АКТ саласында жаңа сапалы даму кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жетістіктері мен тегеуріндері туралы айтты.


Ол Қазақстанның Халықаралық электр байланыс одағымен бірлесіп, бесінші ұрпақ байланысын ендіруге, кең жолақты интернетті қосу үшін геостационарлық емес спутниктерді кеңінен пайдалануға дайын екенін жеткізді.



Сондай-ақ министр форум аясында Халықаралық электр байланыс одағының бас хатшысы Хоулин Чжаомен, Одақтың электр байланысын дамыту жөніндегі директоры Брахим Санумен, Сауд Арабиясының Коммуникациялық және ақпараттық технологиялар комиссиясының төрағасы Абдулазиз Бин Сал Ал Руаиспен және Әзербайжанның Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрінің



Айта кетсек, ITU Telecom-2018 World – жаһандық АКТ инфрақұрылымының жоғары деңгейін құруды талқылау үшін үкімет және байланыс индустриясының өкілдерін біріктіретін жетекші халықаралық алаң.


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 125    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.09.2018, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30