Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруға бағытталған жобаларды атады

  • © Хабар 24

    © Хабар 24

Қазақстанда электрондық еңбек биржасы дамытылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша әлеуметтік еңбек саласын цифрландыруға байланысты үш жоба енгізілген. Біріншісі - электрондық еңбек биржасын дамыту. Бұл жобаның тиімділігі азаматтардың жұмысқа орналасуына жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Электрондық еңбек биржасы арқылы азаматтарға кең ауқымды жұмыс орындары ұсынылған. Осы арқылы ел тұрғындары халықты жұмыспен қамту орталықтарына бармай-ақ өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс табуға мүмкіндік береді. Мысалы, 1,5 жыл бойы жұмыс іздеген Семей қаласының дәрігерлері электрондық еңбек биржасы арқылы Петропавл қаласында өздеріне ұнайтын жұмысқа орналасты. Өйткені, Семейде медициналық ЖОО бар. Ал еліміздің солтүстігінде дәрігер мамандар жетіспейді», - деді Дәурен Абаев.


Оның айтуынша, екіншісі - әлеуметтік еңбек жүйелері салаларын дамыту және енгізу жобасы.


«Бұл жоба арқылы халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті арттыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ азаматтардың қызмет көрсету орталықтарына баруға жұмсалатын қаржысы мен уақыты үнемделеді. Осылайша ел тұрғындарына әлеуметтік -экономикалық тұрғыда тиімді қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелерінің олданыстағы компоненттерін кеңейтуге және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректеріне қол жеткізуге жол ашылады. Әрбір азаматтың әлеуметтік мәртебесі сақталады», - деді ол.


Министрдің атап өткен үшінші жоба - жұмысшылар профилін жүргізу және еңбек шарттарын есепке алу жүйесін құру.


«Бұл жоба арқылы еңбек шарттарын тіркеу және есепке алу бойынша бірыңғай деректер қорын құруға мүмкіндік пайда болады. Сонымен қатар еңбек шарты қатынастарына мониторинг жүргізуге, жұмыс беруші немесе қызметкер тарапынан болатын заң бұзшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Ең алдымен еңбек кітапшалары және еңбек шарттарын цифрлау, қағаз түріндегі құжаттарды қысқартады. Сондай-ақ деректердің жоғалып кетпеуін қамтамасыз етеді», - деді министр.


 




Көрілген: 120    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30