Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев Астана медиа апталығын ашты

  • Фото: Нұржас Жақсыбай

    Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгiн ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев Астана АSTANA MEDIA WEEK апталығын ашты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.


«Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған медиа апталық тек Қазақстанда ғана емес, аймақтағы ортақ медиа нарықты қалыптастыруға және одан әрi дамытуға негiз болады деп сенемiз. Осы орайда ең алдымен бүгiнгi жиынға арнайы келген шетелдiк әрiптестерiмiзге алғыс айтамыз. Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен iргесi қаланған Қазмедиа орталығы алдағы уақытта аймақтағы ықпалды медиахаб ретiнде үлкен рөл атқармақ. АSTANA MEDIA WEEK осы орталық аясындағы бiрегей медиа алаңға айналады деп сенемiз. Тұтастай алғанда бүгiнгi шараның басты мақсаты – отандық медиа нарықты дамыту ғана емес, мәдени және ақпараттық байланыстарды да тереңдету. Бiрнеше күнге созылатын жиынды осы саладағы соңғы өзгерiстер мен цифрлық технологияларды дамыту, өңiрлiк БАҚ-тың мәселелерiн талқылау. Осының барлығы қатысушылар үшiн озық тәжiрибемен танысып, шеберлiгiн шыңдауға, жаңа технологияларды ел игiлiгiне жаратуға берiлген үлкен мүмкiндiк», - дедi Абаев.


Министр апталық жыл сайынғы дәстүрлi шараға айналатынына сенiм бiлдiрдi. Елiмiзде тұңғыш рет 90-ға жуық продакшн компания үшiн контент маркет ұйымдастырылатынын және шараға 15 отандық және 7 шетелдiк телеарна қатысып отырғанын жеткiздi. 



Айта кетейік, АSTANA MEDIA WEEK атты медиа апталық негізінен үш күнге жалғасады. Бірінші күн «Контент-маркет» деп аталады. Онда ұлттық телеарналардан бастап, шағын жекеменшік телеарналарға дейін арнайы ұйымдастырылатын көрмеге қатысып, продакшн компаниялар мен телеарналардың арасында тікелей сұхбат алаңы ұйымдастырылады. Отандық телеарналардың мэтрлері телеөндіріс, кино өндірісі, шоу-бизнес, радио журналистикасы сынды салаларға қатысты шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөліседі. Мұнан бөлек MediaTalks алаңы ұйымдастырылады.



Шараның екінші күнінде «Astana Digital Forum» форумы өтеді. Онда электронды интернет-басылымдардың жай-күй талқыға түсіп, қазіргі күннің өзекті тенденциялары электронды сауда, криптовалютаға көшу сынды өзекті мәселелер көтеріледі.


Ал үшінші күні «Өңірлік БАҚ» форумы өтіп, баспа БАҚ-тың жай-күйі, өзекті мәселелері, оларды сақтап қалу, аймақтық деңгейдегі мәселелерді көтеру, БАҚ саласындағы заңнамалар, өзгерістер, журналистика әдебі сынды мәселелер қозғалады. Сонымен қатар осы іс-шараның аясында Қазақстан баспасөз клубының ұйымдастыруымен «PR күні» ұйымдастырылады.




Көрілген: 222    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 04.10.2017, 13:22

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30