Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев елорданың 20 жылдығына жұмсалатын қаражатқа қатысты түсінік берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елорданың 20 жылдық мерейтойын атап өтуге бөлінген қаражат көлеміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Астананың 20 жылдығы шенеуніктер үшін емес ең алдымен, елорда тұрғындары үшін мереке саналады және бұл - ең бастысы да. Баса назар аудартқым келген тағы бір мәселе, бұл бюджет бірнеше мемлекеттік органдардан шоғырландырылған. Көпшілік айтып жүргендей, бұл ешқандай да кредиттік ақша емес. Меніңше, бүгінгі күнге сай келетін баға және бұл ретте ешқандай проблема болмауы тиіс. Тексеруші органдар кез келген уақытта аталған қаражаттың мақсатқа сай шығындалуын тексере алады», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің елорданың 20 жылдығын атап өтуге бөлінетін қаржы көлеміне қатысты қойған сауалына орай.


Сонымен қатар ол өңірлердің елордаға сыйлықтарына қатысты да пікір білдірді.


«Самал шағын ауданы мен саябақ арасында салынып жатқан велосипед және жаяу жүргінші жолы Астана қаласының әкімі үшін емес, осы елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін, бірінші кезекте балалар үшін, сіздердің барлықтарыңыз үшін салынады. Елорда күні мерекеленіп біте салысымен сіздер жұмсалған қаражатты бірден естен шығарып, ондаған жылдар бойы сол көпірді пайдаланасыздар. Сондықтан да дұрыс екпін берейік»,- деді Дәурен Абаев.


Министр мысал ретінде Мемлекет басшысының 5 Әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру үшін 2,5 трлн теңге қаражат жұмсалатындығын атап өтті.


«Қай мемлекетте студенттерге арналған жатақхана салынуда? Тұрғын үй бойынша мұндай ауқымды бағдарлама қайда қабылданған? Сіздер бұл жайында айтпайсыздар, екпін қоймайсыздар. Толықтай алғанда 19 млрд теңгені құрайтын бұл сома шоғырландырылған, түрлі мемлекеттік органдардың әртүрлі бағдарламаларынан тұрады», - деп түсіндірді ол.


 




Көрілген: 206    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 15:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31