Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев миграциялық ХҚКО жайлы: Жаңа қадам жасампаз қоғам құруға жол ашады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астананың оң жағалауында бүгін миграциялық Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады. Жұмыс реті тың форматқа көшкен орталықтың ашылуына ҚР Ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«Алдымен сіздер цифрлық эклектронды ХҚКО-ны көрдіңіздер. Ол жерде басты мақсат - адамдар өздерінің цифрлық қабілетін көтеріп, өздеріне керекті құжатты ала білу мүмкіндігін жолға қою. 2017 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 37 миллионға жуық адамға қызмет көрсетті. Соның ішінде 24 миллионға жуығы электронды құжаттарды қолданды. Бұл бағытқа жылдан жылға сұраныс көбейіп келе жатыр. Сондықтан, осындай цифрлық ХКҚО-ны әр қалада ашуға өзімізге талап қоя білуіміз керек», - деді министр. Дәурен Абаев өз сөзінде бүгінгі таңдағы осы қадам жасампаз қоғам құруға септігін тигізетінін тілге тиек етті. Оның айтуынша, осы салаға қатысты барлық құрылым адамдардың өздері керекті қызметтерді қолдана алатындай жағдай жасауды көздейді.


«Осындай цифрлық ХҚКО-ны арқылы біз халықты осы салаға үйрететін боламыз. Бүгінгі күні, мінекей, біз миграциялық ХҚКО-ға келіп отырмыз. Бір ғана мысал келтіре кетейін: бұрын шетелдік азаматтың Қазақстанда еңбек етуі үшін қажетті құжаттарды жинау үшін 5 күн кететін. Яғни, шетелдік азаматтың алдында кедергілер көп еді. Ал қазір, біріншіден, кедергісіз миграциялық ХҚКО-ны аштық. Демек, бұдан былай шетелдік азамат барлық құжат жұмысын бір ғана жерде, яғни осында келіп шеше алады. Осы ХКҚО арқылы шетелдік азамат құжат жұмыстарын бұрынғыдай 5 күн емес, 1-2 сағаттың ішінде шешетін болады», - дейді Дәурен Абаев.


Ол сонымен бірге, бұрыннан бері келе жатқан миграциялық ХҚКО-ның жұмыс реті шетелден инвестиция тарту жолындағы кедергі келтіріп келгенін атап өтті.


«Жұмыс берушілер үлкен кедергілерге тап болатындықтан, яғни бес күндік құжат жұмысының әуресінен шетелдіктерді жұмысқа әкелуден қорқатын еді. Бүгінгі жасалып жатқан қадам біздің инвестициялық тартымдылығымызды арттырып, елімізге келетін туристердің санын арттырар деген үміттемін», - дейді ол.


 




Көрілген: 341    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30