Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев цифрлық дәуірдегі әйелдердің рөлі туралы айтты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайындағы әйелдердің рөлі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Экономиканың цифрландырылуы... Экономика салаларын цифрландыру - көлік пен логистикадан бастап Смарт-қалаларға дейінгі салаларды қамтиды. Демек, бұл сайып келгенде айыппұлдан бастап денсаулықтың электронды медициналық құжатына дейінгі құжаттарға қатысты болмақ. Мұның барлығы аталмыш бағдарламаның арқасында цифрландырылады. Мәліметттер базасы дайындалып, анықтамалардың саны қысқартылады. Яғни, ауқымды жұмысты іске асыру көзделуде. Әрбір министрлік, әрбір мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор қандай жұмыстарды атқару керектігін, қандай қадамдар жасалуы тиіс екенін біледі», - дейді Дәурен Абаев Астанадағы «Ideas for women» (IFW-2018) - Төртінші өнеркәсіп революциясының сын-тегеуріндері» атты форумда.


Министрдің айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда «Цифрлық мемлекет - проактивті мемлекет» мақсаты болмақ.


«Біз анықтамалар мен қызметтерді алдын ала көрсетеміз. Мәселен, біз қазір бір мемлекеттік органнан екіншісіне бір құжатты алып бару үшін көп анықтаманы алу керектігін көріп отырмыз. Демек, мәселен адамдар Білім және ғылым министрлігіне бір құжатты апару үшін міндетті түрде әкімдікке баруы тиіс. Яғни, қажетті мәліметтер базасының барлығын біріктіреміз де, осыдан кейін бір ғана мемлекеттік органнан қажетті құжатты ала алатындай жағдай жасалады. Демек, бітіп болмас анықтамалардың соңынан сандалудың реті болмайды», - дейді министр.


«Бесіншіден, бізге әлбетте экожүйе керек. Бізге жаңа өнімдерді жасай білетін дарынды адамдар керек. Бұл біз үшін аса маңызды. Сондықтан, Мемлекет басшысының шешімімен біз ЭКСПО аумағында «Астана-хабтың» іргесін қалаймыз. Жастар үшін, ІТ-мамандар үшін ой алмасып, өнім жасай алатын алаң керек. Осы алаңға бизнесмендер келіп, жас дарындардың алдына тапсырма қояды. Бұл әлбетте өте бір жайлы экожүйе болмақ», - дейді ол.


Дәурен Абаев осы ретте Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының да рөлін атап өтті.


«Міне, осы ретте мен аздаған әзіл аралас сөз айтқым келеді. АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт: «Тозақта әйелдерге көмектеспеген әйелдерге арналған арнайы орын бар» деген сөзі бар. Міне, бүгінгі залда әйелдердің ынтымақтастығы идеясын іске асыра алатын және өзара бір-біріне көмектесе білетін нәзік жандылар жиналып отыр. Демек, сіздер үшін ол жерде орын жоғы анық», - дейді Дәурен Абаев.


Министрдің айтуынша, әйелдердің кәсіпкерлігінің алдағы уақыттағы жетістігі баршылық.


«Ал келе жатқан цифрлық дәуір - бұл мүмкіндіктердің жаңа терезесі. Сол арқылы біз осы әлеуетті шынайы түрде іске асыра аламыз», - деп түйді министр.


Айта кетсек, Астанада бүгін «Ideas for women» (IFW-2018) - Төртінші өнеркәсіп революциясының сын-тегеуріндері» атты форум жұмысын бастады. Форумды Қазақстандағы Еуропа қайта құру және даму банкінің қолдауымен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Іс-шара еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін әлемдік экономиканың даму дейгейіне шығару мақсатында ұйымдастырылған.


 




Көрілген: 177    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 12:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30