Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев ұялы байланыс саласында қандай өзгерістер болатынын айтты

  • © 3dnews.ru

    © 3dnews.ru

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоның байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Министрдің айтуынша, бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр.


"Осыған бірнеше мысал келтіре кетейін. Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл - негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің "минус" болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз. Сондай-ақ, бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде "beep" қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылады. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады", - деп жазды министр.


Сонымен қатар, абонентке ussd командасы немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасының шешілгені айтылады.


"Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз. Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді", - деді Дәурен Абаев.


 




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.01.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31