Ел жаңалықтары

Дәурен Абаев үздік әлеуметтік роликті жариялады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев үздік әлеуметтік роликті жариялады, деп xабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


"Құрметті достар!


"НИЕТ" байқауының жеңімпазы Дмитрий Галабирдің сценарийі бойынша түсірілген әлеуметтік роликті назарларыңызға ұсынамын!", - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Айта кетейік, бүгін Астанада "Ниет" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың негізгі мақсаты - әлеуметтік бейнероликтердің үздік сценарийлерін анықтау. Байқаудың бас жүлдесін алматылық Дмитрий Галабир жеңіп алды. Оған 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды.


Сондай-ақ, министр үздік әлеуметтік роликте басты рөлді ойнаған Шерxан есімді баланы арнайы сыйлықпен марапаттады.


Екінші орынды Қуаныш Омаров иеленді. Оған Apple MacBook табысталды.


Ал үшінші орынның иесі - Ринат Тұрғанбеков Canon фотокамерасын ұтып алды.


Бұдан бөлек, үздік сценарийлердің төрт авторына арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Олардың сценарийлері бойынша бейнероликтер әлі түсірілген жоқ.


 




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

жұма, 08.06.2018, 16:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31