Ел жаңалықтары

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

  • © Informator.media

    © Informator.media

Синоптиктер 10-12 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктердің мәліметінше, демалыста бірқалыпты аяз және жауын-шашынсыз ауа райы болады.


"Қазақстанның ауа райын әдеттегідей жоғары атмосфералық қысым өрісі анықтайтын болады. Сондықтан демалыс күндері бірқалыпты аяз, түнде және таңертең тұман күтілуде, күндіз көптеген аймақтарда шамалы бұлтты, күн шуақты болады", - деп болжады мамандар.


Астана қаласы бойынша консультативті ауа райы болжамы 10 ақпандағы жай-күй бойынша: аз бұлтты, жауын-шашынсыз. 5-10 м/с жылдамдықпен шығыс желі соғады. Түнде ауа температурасы -15-17 градус, күндіз -7-9 градус болады. 11 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады.


Шығыс, солтүстік-шығыс желі - 7-12м/с соғады. Түнде ауа температурасы -18-20 градус, күндіз -10-12 градус болады. 12 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыс желі 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде -18-20градус, күндіз -9-11 градус.


Алматы қаласы бойынша консультативті ауа райы болжамы 10 ақпанда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде -9-11 градус, күндіз -1-3 градус. 11 ақпанда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -7-9 градус, күндіз +1+3 градус болады. 12 ақпанда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -5-7 градус, күндіз + 1 + 3 градус.

 




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 16:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31