Ел жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрлігі кешірілмейтін жайбасарлық танытып отыр - Тоқаев менингит жайлы

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менигитке қатысты жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды  тілшісі.


"Менингит инфекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.


Оның айтуынша, Парламент сенатының депутаттары үкіметтегілерге сауалхат жолдайды.


Мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді. Осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген болатын.


Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді.


Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды.


Tengrinews.kz




 




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 09:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30