Ел жаңалықтары

Дүйсенова 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер қаншаға өсетінін айтты

  • © aqmeshit-aptalygy.kz

    © aqmeshit-aptalygy.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келер жылы орташа зейнетақы мөлшері 72 мың теңгені құрайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, базалық зейнетақы 6 пайызға өседі. Осылайша орташа зейнетақы мөлшері 72 мың теңгені құрайды. Бұған қоса, мүгедектік, асыраушысынан айырылу, жасы бойынша әлеуметтік төлемдер 16 пайызға көбейеді, ал қалған әлеуметтік төлемдер инфляция деңгейіне сәйкес 6 пайызға өседі. Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемімен бірдей болады. Яғни ол да 16 пайызға өсіп, 28 259 теңгені құрайды", — деді министр.


Осы тұста Дүйсенова базалық зейнетақы 2018 жылдың 1 шілдесінен қайта есептелетінін атап өтті.


"Базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты 2018 жылдың 1 шілдесінен қайта есептеледі. Бұл өзгеріс 2 миллион зейнеткерге қатысты. Кімде 10 жыл еңбек өтілі болса, оларда зейнетақы мөлшері 54 пайызға тең болады. Ал еңбек өтілі 33 жылдан асатындарда базалық зейнетақы екі есеге көп болады", — деді министр.


 


 




Көрілген: 1941    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.12.2017, 16:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30