Ел жаңалықтары

Елбасы Головкинді жеңісімен құттықтады

  • © akorda.kz

    © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.


"Тартысты өткен жекпе-жекте сен өзіңнің спорттық шеберлігіңді тағы да дәлелдеп, чемпиондық атағыңды сенімді түрде қорғадың. Барлық қазақстандық сенің спорттағы зор жетістіктеріңді мақтан тұтады. Сен өзіңнің талантың мен еңбексүйгіштігіңнің, қарапайымдылығың мен баршаға сүйкімділігіңнің арқасында бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап алдың. Осы қасиеттерің әрдайым бойыңнан табылып, жастарымыз үшін жарқын үлгі бола берсін", - делінген жеделхатта.


Еске салайық, 6 мамырда таңғы уақытта Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде кездесуде Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.


36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған.


32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады.




 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.05.2018, 14:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31