Ел жаңалықтары

Елбасыға арманын айтқан қызылордалық бүлдіршін Астанаға аттанды

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қызылорда облысы сапары кезінде Арал қаласында екінші сынып оқушысы Нұрсұлтан Жақсыкелдиевке батасын берген болатын. Сонда 7 жасар бала Президентке Астанаға барғысы, ұшаққа мінгісі келетінін айтқан еді. Ал бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев арманы асқақ өренді қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.


Елордаға жүргелі отырған балаға облыс әкімі сәт сапар тіледі.


«Біз бүгін ерекше кездесудің куәсі болып отырмыз. Өйткені, Елбасының Сыр өңіріне сапары барысында Арал қаласындағы №260 мектепте 2-сыныпта оқитын Нұрсұлтан деген баламыз Президентке елорданы көргісі келетінін жеткізді. Бүгінде теңіздің тіршілігі қайта жанданды. Балық экспорты жолға қойылды. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Мұның барлығы Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың нәтижесі. Енді, міне, Президентке арманын айтқан, «Астананы көргім келеді» деген бүлдіршінді елордаға жіберіп жатырмыз. Бұлар тәуелсіз елде өскен еркін ұландар. Айналайын, болашағың жарқын болсын», – деді облыс әкімі.



Бала арманына қанат бітіргені үшін Нұрсұлтанның әжесі Айнагүл Бейсенбаева, ата-анасы Сұлтанбек Алланов, Гүлзат Бөріқұлова Елбасы мен аймақ басшысына рахмет айтты.


«Немеремнің қуанышы қойнына сыймай жүр. Достарына, көршілеріне Елбасымен кездескен сәтін айтып, әсерімен бөлісті. Өзі тумысынан алғыр, сабақты да жақсы оқиды. Енді міне, бір арманына қол жеткізгелі отыр, Астанаға қыдырмақ», – деді әжесі.


«Нұрсұлтан атама өскенде ғарышкер болғым келетінін айттым. Президент сияқты ұшаққа мініп, әжем мен достарымды қыдыртқым келеді. Сол бүгін орындалайын деп тұр. Қатты қуанып тұрмын», – деді кішкентай Нұрсұлтан.


Бүгін таңертең Нұрсұлтан Жақсыкелдиев әжесімен, ата-анасымен, кішкентай қарындасымен ұшаққа мініп, Астанаға ұшып кетті. Елорданы үш күн аралап, көрікті жерлерін тамашалайды. 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 11.10.2017, 18:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31