Ел жаңалықтары

Елімізде адамның есімі жазылған көлік нөмірлері пайда болуы мүмкін

  • © АвтоПортал

    © АвтоПортал

Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Еуропа, Америкадағыдай көлікке нөмірдің орнына иесінің есімін жазуға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды КТК арнасы.


"Бізде де өзінің атын жазып алғысы келетін байлар бар. Неге оны енгізбеске? Онда оның бағасын бюджетке қомақты қаржы түсетіндей көлемді қояйық. Ертеңгісін атын жазып алып жүретін адам болса, жүре берсін. Бұл нөмір көліктің жеке айқындайтын белгісі. Сондықтан ол жерде тұрған артықшылық ештеңе көріп тұрған жоқпын", — дейді депутат Өксікбаев.


Сонда сандар болмайды. Депутаттың айтуынша, нөмірдің орнына адамның аты мен көліктің қай аймақта тіркелгенін көрсететін белгі болса жетеді. Ал азаматтар машинасына өз есімін жазу үшін бөлек ақша төлейді. "Оның бағасы кем дегенде 500 мың теңгеден басталу қажет" дейді Өксікбаев. Нәтижесінде қазынаға қосымша табыс түседі.


Үкімет үш жыл бұрын қымбат нөмірлерді ашық саудалауды заңдастырып алған еді. Былтыр Ішкі істер министрлігі халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 15 мың 760 vip-нөмір сатты. Бұдан бюджетке 5 жарым миллиард пайда түсіпті. Жұрт жиі сұрайтын 001-ден 009-ға дейін және 777 деген нөмір 517 мың теңге тұрады. Егер бұл сандардың қасына қалаған әріптеріңізді қосқыңыз келсе, 646 мың болады. Ал 100, 200, 300 сынды нөмірлердің құны 300 мың теңге.


Sputnik


 


 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.01.2018, 22:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30