Ел жаңалықтары

Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жаңбыр жауады

  • Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жаңбыр жауады

    Еліміздің басым бөлігінде қатты жел соғып, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда 11 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.


Еліміздің кей жерінде жауын-шашын болып, солтүстіктің жекелеген аудандарында найзағайлы нөсер жауады, дауыл және екпінді жел соғады.


Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, оңтүстіктің кей жерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал.


Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы түнде кей жерде секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.


Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жел соғып, шаңды дауыл күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.


Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.


Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.


Алматы облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады. Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.


Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең дауыл күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.


Алматы облысында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

сенбі, 11.08.2018, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31