Ел жаңалықтары

Елордада жол қозғалысы ережелерін сақтауды бақылау күшейтілуде

  • Елордада жол қозғалысы ережелерін сақтауды бақылау күшейтілуде

    Елордада жол қозғалысы ережелерін сақтауды бақылау күшейтілуде

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап Астанада фото және видео бақылаумен жабдықталған «Сергек» сертификатталған құралы жол қозғалысының бұзушылықтарын тіркейді.


Астана қаласы Ішкі істер департаментінің мәліметтері бойынша, бұзушылықтардың келесі түрі тіркеледі:


1. ҚР ӘҚК-нің 592 бабы бойынша жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жазалау қарастырылған:


- 10-20 км/с үшін (10 АЕК – 22 690 теңге);

- 20-40 км/с (15 АЕК – 34 035 теңге);

- 40 км/с жоғары (30 АЕК– 68 070 теңге).


2. ҚР ӘҚК-нің 601 бабы бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысы үшін бөлінген жолмен жүргені үшін (Bus Lane), сондай-ақ стоп-желісінен асып кеткені үшін 3 АЕК мөлшерінде (6 807 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жазалау қарастырылған.


Онымен бірге балалар қауіпсіздігі бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде: білім мекемелері мен бақшаларға жақын жерде сағатына 40 шақырыммен жүру рұқсат етіледі, жылдамдықты одан арттыруға болмайды. Жылдамдықты арттырмау туралы арнайы қалқан орнатылған, тиісті жол белгілері орнатылған. Бұл учаскелер фото және видео бақылаумен жабдықталған «Сергек» сертификатталған құралының бақылауына алынған. Бұл құралдың елордада қайда орналасқанын www.citycams.kz сайтынан көре аласыз.


 


 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 15.09.2017, 21:10

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30