Ел жаңалықтары

Енді Астанаға көлікпен кіру ақылы болмақ

  • Енді Астанаға көлікпен кіру ақылы болмақ

    Енді Астанаға көлікпен кіру ақылы болмақ

Ақылы кіруді тек таңғы жұмысқа барар уақытта ұйымдастыру жоспарлануда, басқа уақытта көліктің кез келген түрі үшін жол жүру толығымен тегін болады деп жазады Елорда Инфо.


Қаланың жол желісіне жүктемені төмендету мақсатында қалаға ақылы кіру жобасы пысықталу үстінде. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун хабарлады.


«Жүргізілген зерттеулер мен Астанаға келетін көліктің кешенді талдауы көрсеткендей таңғы 7 мен 9 аралығында көлік санатына байланысты кірудің ақылы болуын енгізу көлік құралдары қозғалысы ағынының орташа жылдамдығын 15-20-ға арттыруға мүмкіндік береді. Аталған жобаны жүзеге асыру МЖӘ аясында жоспарланған», - деп түсіндірді әкімнің бірінші орынбасары.


Оның айтуынша, ақылы кіруді тек таңғы жұмысқа бару уақытында ұйымдастыру жоспарлануда, басқа уақытта көліктің кез келген түрі үшін жол жүру толығымен тегін болады.


Бүгінгі таңда, оның сөзінше, қалаға күн сайын алты магистраль (Астана-Қараганды, Астана-Қостанай, Астана-Павлодар, Астана-Қосшы, Астана-Қорғалжын, Астана-Көкшетау) бойынша орта есеппен 82 000 көлік құралы келіп-кетеді екен.


Негізгі жүктеме таңғы сағат 07.00-ден 10.00-ге дейін - 13 500 көлік (шамамен 17%) келеді. 




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.09.2018, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31