Ел жаңалықтары

Енді бірқатар анықтама алу үшін ұялы телефон арқылы өтініш жолдауға болады

  • © 24.kz

    © 24.kz

Елімізде мүліктің бар немесе жоқтығын айғақтайтын құжатты, мекенжай және сотталмаған жөніндегі анықтамаларды алуға ұялы телефон арқылы өтініш жолдауға болады.


Яғни электронды үкімет порталында жаңа қызмет түрі іске қосылды. Енді халық тарапынан ең көп сұралатын құжаттарға SMS хабарлама арқылы жылдам қол жеткізуге мүмкіндік бар. Бірақ ол үшін мобильді тұрғындар базасына тіркелу қажет дейді жоба жетекшілері.


Айта кетейік, соңғы 8 жылда Egov порталын қолданушылар саны 7 миллионға жетіп отыр.


Әсет Тұрысов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:


– Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, электронды Үкіметтің телеграм-ботын іске қостық. Сол арқылы порталда ең көп сұранысқа ие мемлекеттік 4 қызметті ұялы телефон арқылы қолдана аласыз. Тіркелу кезінде құпиялық сақталады. Алдағы уақытта бұл қызмет аясын кеңейтеміз.


 
24.kz


Көрілген: 235    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.05.2018, 18:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31