Ел жаңалықтары

Енді уақытша тіркеу мерзімін телефон арқылы ұзартуға болады

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма басшысы Абылайхан Оспанов таяуда уақытша тіркеу мерзімін SMS арқылы ұзартуға мүмкіндік жасалатынын хабарлады.


Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті тәсілдерін кеңейту мақсатында жасалған жаңа сервиске сәйкес уақытша тіркелу мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда азаматтың телефонына хабарлама келіп, мерзімді SMS арқылы ұзартуға болатыны туралы ескертіледі.


"Қызмет алушы тіркеуді ұзартуды қаласа, хабарламада көрсетілген кодты жолдау арқылы келісімін растауы тиіс. Сондай-ақ, пәтер иесіне де SMS-хабарлама жолданады. Нәтижесінде деректер базасындағы меншік құқығы расталса, тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу автоматты түрде ұзартылады",- деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасына.


Ескеретін жайт, проактивті қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу, яғни азаматтың жеке сәйкестендіру нөміріне телефон нөмірін байланыстырып қою қажет. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жасауға болады.


 


Sputnik




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.01.2018, 14:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31