Ел жаңалықтары

«Еркекпін…». Қазақстандағы сұлулық байқауында масқара жағдай орын алды

  • «Еркекпін…». Қазақстандағы сұлулық байқауында масқара жағдай орын алды

    «Еркекпін…». Қазақстандағы сұлулық байқауында масқара жағдай орын алды

Қазақстан азаматы әйелдерге арналған сұлулық байқауында жынысын өзгертпестен финалға дейін жетті, деп хабарлады РИА Новости агенттігі.


Агенттіктің хабарлауынша, Алматы тұрғыны Илай Дягилев сұлулық байқауында ақтық мәреге дейін жетіп, өзінің ер адам екенін мойындаған.


«22 жастағы Илай Дягилев Miss Virtual Kazakhstan байқауына қатысу үшін суреттерін Арина Әлиева деген атпен жолдаған. Алайда жігіт финалға шыққан соң өзінің әйел емес, ер адам екенін мойындап, ол байқаудан шығарылып, орнына басқа ару қатыстырылды», — делінген жарияланымда.



Жігіттің айтуынша, ол жағдайдың өршіп бара жатқанын сезген соң, мойындауға бел байлаған.



«Мен финалға дейін жеттім және жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінгенде Арина Әлиева емес екенімді мойындайын деп шештім. Бастапқыда бүкіл Қазақстаннан 4 мыңға жуық өтінім түскен, ақыры мен финалға шықтым», — деді Дягилев.


Жігіттің айтуынша, ол өз әрекетімен әйелдің табиғи сұлулығы мен дарынын насихаттағысы келген, себебі оның ойынша, қазіргі қыздарда бұл қасиеттер жетіспейді.


«Мен және менің достарымның арасында сұлулыққа қатысты дау шықты. Ақыры, осы байқауға қатысамын деп шештім. Мен әрдайым табиғи сұлулықты жақтаймын. Қазір өздеріңіз де көріп жүрсіздер, көптеген қыздар бірсарынды, барлығы бірдей боянады, бірдей киінеді және солайша тренд қуса әдемі боламыз деп есептейді, мен олай ойламаймын», — деді жігіт.





kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 2226    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.02.2018, 12:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31