Ел жаңалықтары

Ертіс бойында қырық күн той болады

  • Ертіс бойында қырық күн той болады

    Ертіс бойында қырық күн той болады

Ертістің Павлодар өңірінде биыл Ұлыстың ұлы күні 22 наурыздан бастау алып, 30 сәуірге дейін тойланбақшы.


Облыстық әкімдікте өткен кезекті аппараттық жиында көктемгі мерекеге дайындық талқыланды.


Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков Наурыз тойының жай-жапсарына тоқталды.


- Ерте кезде қазақтар Наурыз мерекесін әр түрлі кезеңде тойлаған, - деді Ардақ Тәтімбекұлы. – Мысалы, Сыр өңірінің қазақтары ақпан айының аяғында күн жылынғанда тойлаған. Оңтүстікте құстар қайтып келген сәттен бастаған. Батыста 14 наурыз күні адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барып, көктемнің басталуымен құттықтайтын көрісу дәстүрі бар. Орталық және солтүстік өңірлерде кешірек тойлаған. Жалпы, Наурыз бабаларымыз үшін бір күндік мереке болмағаны аян.


Ең бастысы, мәдени-сауық шаралары 22 наурызда басталады. Сол күні облыс орталығында киіз үйлер тігіліп, театрландырылған концерт қойылып, ойын-сауық және сайыстар өтетін, балалар мен спорт сүйер қауымға арналған алаңдар қарастырылатын болады.


- Тағы бір ерекшелік, біз Алтай өлкесіндегі қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен Барнауылға көшпелі мереке ұйымдастырмақпыз. Наурызды тойлау 30 сәуірде қорытындыланып, сол күні Павлодардағы орталық алаңда этноауыл құрылады.


Жанаргүл Қадырова,

Павлодар облысы


 




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 18:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31