Ел жаңалықтары

Ғалым Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында жауған қардың себебін айтты

  • Ғалым Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында жауған қардың себебін айтты

    Ғалым Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында жауған қардың себебін айтты

Наурыз мейрамы таяп қалса да Алматыға көктем келер емес. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі Ғылыми-зерттеу институтының экология және климат ғылымдар докторы Борис Степановқа ауа райының өзгеруіне ненің әсер етіп жатқаны жайлы сауал қойды. Ғалым бастапқыда күнделікті ауа райы мен климаттың айырмашылықтарын айтып өтті.


"Ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, климат дегеніміз - 30 жылдағы орташа ауа райы. Қазақстанда соңғы жарты ғасыр ішінде ауа температурасы небәрі 1,5 градусқа ғана жоғарылаған. Жалпы әлемде жылы ауа райы сақталып тұр", - деді ғалым. Алайда Борис Степанов Қазақстанның оңтүстігіндегі ауа райының климатқа қатысы жоқ екенін айтады. "Наурыз айы салқын болып жатыр. Барлығы циклон мен антициклондарға байланысты. Ешкім де ауа райы қандай болатынын алдын ала айта алмайды. Ауа райы құбылмалы. Бірақ қазір адамдар 1953-1954 жылдары ауа райының суық болғанын білмейді. Алматыда қыста -30 градусқа дейін жететін. Қазір айтатын болсақ, бізде ауа райы жылы болып тұр", - деді Борис Степанов. Сондай-ақ, ғалым еліміздің оңтүстігіндегі климаттың субтропикалық климатқа өзгеріп жатқанын жоққа шығарды. Степановтың айтуынша, климаттық температура 2-3 градусқа жоғарыласа, бізде жыл сайын сел болар еді.

 




Көрілген: 277    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 18.03.2017, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Шілде, 08:47
    Ауа райы болжамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31