Ел жаңалықтары

ХҚКО-ға бармай электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн режимде алу мүмкін болмақ

  • © syrboyi.kz

    © syrboyi.kz

Электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану мерзімін бір жылдан үш жылға дейін ұзарту қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің басқарма басшысы Руслан Еңсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


ҚР ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халыққа есеп беру кездесуінде Батыс Қазақстан облысындағы қоғамдық бірлестік өкілі Алтынай Искалиева электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦП) ХҚКО-ға бармай-ақ интернет арқылы алу мүмкіндігін жасауға бола ма деп сұрады.


«Біз қазір халықаралық тәжірибелерді зерттеп жатырмыз. ЭЦҚ мерзімін бір жылдан үш жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастырып, осыған сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. ЭЦҚ-ны алу үшін ең бірінші ХҚКО-ға бару керек, ал бір жылдың ішінде онлайн-өтінім беру арқылы интернет арқылы оның мерзімін ұзарта алады», - деп жауап берді «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің басқарма басшысы.


Еске сала кетсек, 2017 жылдың сәуірінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне бармай-ақ онлайн режимде ЭЦҚ-ны қайта жасату немесе мерзімін ұзарту қызметі іске қосылған болатын.




 




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.05.2018, 15:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31