Ел жаңалықтары

Интернет- алаяқтың құрбаны болмас үшін не істеу керек?

  • Интернет- алаяқтың құрбаны болмас үшін не істеу керек?

    Интернет- алаяқтың құрбаны болмас үшін не істеу керек?

Астана қаласының ішкі істер департаменті шаһар тұрғындарына интернет-алаяқтарынан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«Интернет қолданушылары өзіне қажетті тауарды ғаламтордан іздеп отырып, қалаған затын арзан бағада көріп қалуы мүмкін. Ал бірақ, қарапайым адамдардың көбі аталған хабарландырудың қақпан екенін сезе бермейді. Өзара жазба алмасу кезінде сатып алушы мен сатушы ортақ бағаға келісіп, төлем жүргізу әдісін ақылдасып алады. Көп жағдайда келісілген сома толығымен QIWI-әмиян арқылы аударылады. Сома қолына тигеннен кейін сатушы ізім-қайым жоқ болып, аккаунтын жойып жібереді», - дейді ІІД-нің қылмыстық полиция басқармасының бөлім бастығы Талған Бөлегенов.


QIWI-әмиянды тіркеу үшін ешқандай құжат керек болмағандықтан, алаяқтардың тасы өрге домалап тұр. Бұл жағдай тәртіп сақшыларының жұмысына қиыншылықтар туғызады.


2017 жылы Астана полициясына интернет-алаяқтық әрекеттері бойынша 500 шағым келіп түскен. Алаяқтардың біршамасы Қазақстанның басқа қалаларынан немесе Ресейден, болмаса басқа да көршілес елдерден екені белгілі болып отыр.


Мәселен, Астана қаласының 26 жастағы тұрғыны белгісіз біреулер дәл осындай жолмен 35 200 теңгесін қолды еткенін айтып арызданған. Тапсырыс беруші QIWI-әмиян арқылы ақшасын төлеп қойып, тауарын үйінде күтіп отырған. Алайда тауар уәде берілгенімен сол күйі жеткізілмепті. Алданғаннан кейін ғана әлгі адам ондай интернет-дүкеннің мүлде жоқ екенін білген.


ІІД өкілі, интернет-алаяқтардың құрбаны болмау үшін құқық қорғаушылар әлеуметтік желідегі күдікті келісімдерден бас тартып, алдын ала ақы төлеуге асықпауға шақырады.


Автор: Аян Бекенұлы


 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.12.2017, 11:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31