Ел жаңалықтары

Жамбыл облысында көлден су ішкен мал жаппай қырылып жатыр

  • Жамбыл облысында көлден су ішкен мал жаппай қырылып жатыр

    Жамбыл облысында көлден су ішкен мал жаппай қырылып жатыр


Жамбыл облысында жаппай мал қырылып жатыр. Тұрғындар малға келген жұт енді елге келе ме деп алаңдаулы. Өйткені ционид өндіретін зауыт қалдығы көлге ашық құйылуда. Төрт түлігі түгел қырылып қалған ел мал өлімін дәл осы улы химиялық элементтің қалдығынан көріп отыр деп хабарлайды 31 арна.


 

Жамбыл облысында көлден су ішкен мал жаппай қырылып жатыр (видео, фото)

Жылқы. Фото: NUR.KZ



Дәл Қаратау қаласының іргесіндегі Алтын көл аудан тұрғындары үшін құт емес жұт болып тұр. Суатқа түскен төрт-түлік пен ұшқан аң құс арам қатып жатыр. Сорақысы бұл жағдай бұған дейін де болған. Бірақ жергілікті билік жылы жауып қойды дейді жұрт. Бүгін тағы осы жағдай қайталанып, 12 бас арам қатқан.


"Қаратаулықтар малын жайылымға шығарудан қорқады. Өйткені өріске шыққан малын қайтаруға келіп өлексесін теріп кетеді. Айтуларынша жұт Алтын көл аталып кеткен су қоймасынан келіп тұр. Ционид өнімін шығаратын зауыт бар қалдығын осында келіп құяды екен. Салдарынан екі күннің бірінде суатқа құлаған мал қайта шықпай қалады. Бір жарым ай бұрын да осында төрт жылқы өлсе, екі күн бұрын осында келген он ұсақ мал қырылып қалыпты, - дейді Қаратау қаласының тұрғыны Серікбай Бапахов.


Ашулы жұрт сараптаманың нәтижесін жауаптылар бұра тартып отырулары мүмкін дейді. Бұған дейінгі сараптамада түк таппадық деген мамандар, енді амалсыз жұт улы судан келгеніне сенуге мәжбүр болғандарын айтады.


"Су ішкен мал тұрған жерінен бірден құлайды. Тіпті кейбірі көлден шыға алмай қалған. Аузы-мұрнынан қан кетіп жығылады дейді жұрт. Енді ел көлді қоршауға не зауыт қалдығын төктіртпеуді талап етеді. Бұған дейінгі аудан басшылары ел шағымына бас ауыртпады дейді. Елдің ендігі бар үміті жуырда келген аудан әкімінде. Әзірге өтемақыны кімнен өндіретіні белгісіз", - дейді Талас ауданы әкімдігі ветеринария қызметінің бас маманы Берік Қаратаев.









Көрілген: 271    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 23.09.2017, 11:14

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30