Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Алматы қаласының Бостандық ауданында «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан «Инженерлік-технологиялық университетінде «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты іс-шара өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту керек. Осы орайда адамдардың сыбайлас жемқорлыққа көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды, қоғам үшін күрделі жəне қауіпті проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында қарастырылған. Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа институттары енгізілді. Олар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Осы заңға сəйкес жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру жəне жетілдіру жөніндегі ұсыныстар барысы айтылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама енгізіледі.

Сыбайлас жемқорлық деген не? Неліктен бұл құбылыс біздің өмірде жиі кездеседі және болашақты онсыз елестете аламыз ба?. Осы арамшөпті жою үшін не істеу қажет? Осы және басқа да сұрақтар туралы Қазақстан Инженерлік-технологиялық университетінің студенттері талқыланды.
«Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында Қазақстан «Инженерлік-технологиялық университетінде «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлық дегенімі не?, оған қарсы әрекет ету, қандай әрекеттер жемқорлық деп аталады және қандай да бір экономикалық бағытта қылмыс жасағаны үшін заң бұзушыларға қандай жауапкершілік туындауы мүмкіндігі туралы - ҚазҰТУ заңгері Омаров Тимур Өмірбекұлы тәптіштеп түсіндіріп берді.
Сондай ақ жиынға қатысушы ҚазҰТУ студенттері мен оқытушыларды «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының екінші курс студенті - Батаев Меруерт адал бағаға ұмтылуға, сол арқылы олардың кәсіби деңгейін, өзін-өзі тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Шараның модераторы Университеттің академиялық, ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың міндетін атқарушы - Тукенова Зульфия Айдынқызы сыбайлас жемқорлықты заманауи қоғамның өзекті мәселесі екендігін айта келе, біз жастарды жемқорлықтан қорғауымыз керек. Тек осылай ғана «Мәңгілік Ел» дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз деді. Ол парақорлық үшін қолданылатын жазалар туралы айтып, тыңдаушыларға жемқорлыққа қарсы күрес жолдарын түсіндіріп, кеңес берді.
Жиын соңында студеттер көтерілген тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста