Ел жаңалықтары

Жастарды жыныстық қатынас тұрғысынан тәрбиелейтін сайт ашылмақ

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда жастарды жыныстық қатынас тұрғысынан тәрбиелейтін сайт «ZhastyqTalk» сайты ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Мұндай жобаны астаналық студент Балнұр Сүгірәлиева жастарға арналған әлеуметтік жобалар байқауында ұсынды.


Студенттің жобасы «Жастардың әлеуметтік кәсіпкерлігі» аталымында үздік деп танылды. Оған бұл жобаны жүзеге асыруға 700 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.


«Қазақта ата-анасы баласына жыныстық қатынас туралы айтпайды. Бұл - ұят деп саналады. Мектепте де ол туралы көп айтыла бермейді. Соның кесірінен жастар көптеген өрескел қылықтарға барып жатады. Біздің сайт жастарды моральдық жағынан тәрбиелейді. Ол ресурстардан қазақ жастары өзіне қажет ақпараттарды ала алады», - деді Б.Сүгірәлиева.


Байқауға өткізілген 50 жобаның ішінде 8 жобаның жүзеге асырылуы үшін қаржы бөлінді.


Павлодар облысы Баянауыл ауылында тұратын кәсіпкер Әлфия Смағұлова шалғай ауыл тұрғындарын оқытуға мүмкіндік беретін бағдарлама ұсынды. Қазылар алқасы бұл жобаны ең үздік деп танып, 4 млн теңге көлемінде грант бөлді.


«Қала мен ауыл оқушыларының арасында білім және мүмкіндік дәрежесінің айырмашылығы жер мен көктей. Біз ауыл балаларына белгілі бір салада, робототехника, ағылшын тілі бойынша көбірек білім бергіміз келеді. Әдістемеміз оларға мамандық таңдауға көмек бермек», - деді Әлфия Смағұлова.


 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 14.12.2017, 11:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31