Ел жаңалықтары

Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметтен босатылды

  • © ИА Новости-Казахстан

    © ИА Новости-Казахстан

Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметтен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүгін сенаттың жалпы отырысында Елбасының ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы мәселе қаралды.


"Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді. Оның үшеуі Өмірсерік Қожабаев, Рақымбек Мамырбаев, Дүйсен Тұмабеков зейнет жасына жетіп, отставкаға кетуге ниет білдірді. Сот жүйесінде еңбек еткен жылдары олар өздерін абыройлы, сауатты, тәжірибелі судья ретінде көрсетті. Бұдан бөлек өткен жылы 13 желтоқсанда Жоғарғы сот судьясы Қалидолла Шауқаров қайтыс болды. Осыған орай мемлекет басшысының осы судьяларды қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауды өтінемін", — деді отырыста Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин.


Сенат депутаттары президенттің Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысын қолдап дауыс берді.


 


 




Көрілген: 239    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 25.01.2018, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28