Ел жаңалықтары

Жол полициясы мереке күндері күшейтілген режимдегі қызметке көшеді

  • Жол полициясы мереке күндері күшейтілген режимдегі қызметке көшеді

    Жол полициясы мереке күндері күшейтілген режимдегі қызметке көшеді

ҚР ІІМ Көліктегі ІІД жеке құрамы 15-18 желтоқсан күндері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін» мерекелеу кезінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызмет өткерудің күшейтілген тәртібіне көшеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Шараға ведомстваның барлық күштері мен құрылымдары толықтай жұмылдырылады.


Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов мереке күндері көлік сақшыларымен әуе және темір жол көліктерін пайдаланатын жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің күшейтілетінін айтты. Оның айтуынша, департаменттің 800-ге тарта қызметкері еліміздің әуе және темір жол вокзалдарындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпек.


Ол қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ алаяқтықпен, бопсалаумен және өзгенің мүлкін ұрлаумен айналысатын тұлғаларды анықтау және жолын кесу бойынша да арнайы рейдтік және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылатынын да сөз етті.


Қосымша құрылған жедел-тергеу топтары қылмыстарды «ізін суытпай» ашу үшін оқиға орын алған жерге шұғыл түрде жететін болады. Бұдан бөлек, департаменттің қызмет көрсету аумағында қызметтік-іздестіру иттерімен патрульдеу үшін кинологиялық орталық қызметкерлері де жұмылдырылатын болады.


Полиция полковнигінің айтуынша, қазіргі уақытта Астана-1 және Астана «Нұрлы жол» темір жол вокзалдарындағы қоғамдық тәртіпті жан-жақты қадағалау үшін 600-ден аса бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Бейнебақылау камералары ғимараттардың іші мен сыртына орналастырылған.




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.12.2017, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30