Ел жаңалықтары

Жұлдыз жорамалшы: «Биылғы қыс ұзақ болады»

  • Жұлдыз жорамалшы: «Биылғы қыс ұзақ болады»

    Жұлдыз жорамалшы: «Биылғы қыс ұзақ болады»

Шымкенттік ауа райын болжаушы Нұрғабыл Қозыбай биылғы қыстың қандай болатыны туралы айтты. Оның сөзінше, алдағы қыс біршама ұзақ әрі қатаңдау болады.


Бұл туралы «Замана» газеті жазады.


«Халқымыздың өмірден алынған мақал-мәтелдері бар. Өліара, тоғыс кезінде күн суытатынын айтады. Болжамдарымды осы табиғат құбылыстарына және «Ескі айдың 20-сы құр кетпейді» деген болжамдарға сүйеніп жасадым. Ал қыстың қалай болатынын жаздағы өткен аптап ыстықтардың 6 ай 6 күннен кейін суық болып оралатынымен есептеп алып отырмын. Жаздың ұзақ болғанын, жылы күндердің қазан айына дейін созыл­ғанын ескерсек, қыстың ұзақтау болатыны содан білініп тұр», – дейді Нұрғабыл Қозыбай.


Сонымен қатар ол алдағы 3 жылда елімізде құрғақшылық болмайтынын айтты.

«Қазақтың бұрынғы ауа райын болжаушылары ыстық пен суықтың 6 айда айналып келетінін білгені сияқты құрғақшылық жылдардың да 4 жылда бір айналып соғатынын аңғарған. Табиғат заңына құрылған осы болжамға сүйенсек, алдағы 3 жылда құрғақшылық болмауы тиіс. Яғни биыл, 2018-жылы Түркістан облысының таулы аумақтарынан басқа аудандарында құрғақшылық болды. Енді ол 2022-жылы айналып келеді. Демек, алдағы жылы құрғақшылық болмайды. Өңіріміздің шаруалары күздік бидайды алаңсыз еге берсе болады», – дейді ауа райын болжаушы. 




Көрілген: 1450    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30