Ел жаңалықтары

Жұмат Шанин ауылы көркейе түсті

  • Жұмат Шанин ауылы көркейе түсті

    Жұмат Шанин ауылы көркейе түсті

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жерге тағзым» бағдарламасына мән беруді тапсырған еді. Президенттің тамаша бастамасын Павлодар облысындағы Жұмат Шанин ауылының жастары құп алып, іліп әкетті. 


Нәтижесінде таяуда Жұмат Шанин ауылының мәдениет үйінде ауыл жастары 2017 жылы атқарған жұмыстары жайлы кездесу өткізді. Лайықты безендірілген көріністер жиналған қауымға слайд, видео түрінде интербелсенді тақтамен көрсетіліп, жыл бойы өткен іс-шараларға шолу жасалды.

Бұдан кейін ауыл әкімі Т.Сағынтаевқа сөз берілді. Күркелі ауылдық округінің соңғы жылдар ішінде елеулі өзгерістерге бет бұрғанын, бүгінгі таңда ұялы байланыс желісінің іргетасы қаланып, қосылып жатқанын, жастар бастамасымен жасыл белдеулі алқап құрылып, бүгінде қоршалып, бағандары боялып, толығымен жасыл түсте ауыл көркін келтіріп тұрғанын, мұнда ауылымыздың отбасы мүшелері өз аттарынан қатар мен реттік нөмірі бойынша жергілікті табиғат жағдайында өсіп-өнетін татар үйеңкісі мен сібір алмасының 250 түбін отырғызғанын баяндады. Және спорттық алаң да жыл соңында аяқталып жатқандығын көтеріңкі көңілмен жеткізді. Бұл арада атап айтсақ, жастар корпусын дамыту жобасы бойынша Үйлестіру агенттігінің 2 (екі) жобасына қатысып, ауыл жастарынан 2 (екі) топ грант ұтып алды. Жобалар Дүниежүзілік банктің қаражаты есебінен жүргізіліп, ағымдағы жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында Ж.Шанин ауылында волейбол, стритбол және «стрит воркаут» спорттық алаңдарын құруға және ауыл маңында жасыл белдеулі алқап құру жұмыстарына 1 000 000 (бір миллион) теңгеден бөлініп, осы жобаны іске асыратын жер аумағы белгіленіп, арнайы оқудан өткізілген топ мүшелері «АЛАУ Павлодар» ЖШС мен «Женщины – за будущее нации» қоғамдық бірлестігі арқылы жобаны іске асырып, жұмыстар толық аяқталды.

Салтанаттың реңін марапаттау рәсімі келтіріп, игі жұмыстары үшін ауыл жастары арасында мәдени іс-шараларда белсенділік танытып, zhasproject жобасы бойынша жасыл белдеулі алқаптың құрылуына ат салысып, әрдайым ұйымдастыру жұмыстарына үлес қосып жүретін Омаров Мұрабек пен Ибраев Амангелдіге алғыс хат беріліп, жастарымыздың осындай үлгі боларлық істерін үлкендер әрдайым қолдайтынын айтып, жалпы ауыл жастары көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің алғыс хатымен Әбдікәрімов Дархан, жастар орталығының алғыс хатымен Жаңбырбай Кенжебай сынды жастарымыз да марапатталды. Ал Кәрімов Сүтіш (Сүтжан) басшылық ететін «Әнет» шаруа қожалығы 2017 жылдың қорытындысы бойынша ауданда үздіктердің қатарынан орын алып, аудан әкімінің номинациясы осы жиында табысталды.




Ауылымыздағы игі істерді бастап жүрген жастарымыз интербелсенді тақтамен ауыл жастарының атқарған жұмыстарын слайдпен көрсетіп, биылғы жылы ұйымдастырылған Ұлы Жеңіс күніндегі ІІ ауылішілік волейбол жарысын, Астана күніндегі шағын футболды, Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналған марафонды, Тәуелсіздік мерекесіне және Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай баскетбол жарысын фотомен көрсетті. Және алдағы жылы осы мәдени-спорттық шаралардың қатарын үстел теннисі және асық ату, теңге ілу, арқантартыс, т.б. ұлттық спорт түрлеріне арналған жарыстармен толықтырып, дәстүрлі мерекелерде ауылдық округіміздің жергілікті мекемелерімен жастар бірлесе жұмыс жасауды көздейтін жылдық жоспарларын талқыға салып таныстырды. Одан соң zhasproject жобасы бойынша жасыл белдеулі алқап құру кезінде ауылдағы әлеуметтік маңыздылығы үшін және жастар бастамасын қолдап қоршауын жасауда, ағаш отырғызуда, бағандарын бояуда өзіндік үлестерін қосқан барша ауыл тұрғындары фото түрінде әнмен сүйемелдене отырып көрсетіліп, жастар ризашылықтарын білдірді. Ауыл тұрғындарының ішінде Бейсеков Дүйсенбай, Сәрсенбаев Ерсін, Буланбаев Қанат, Бушанов Еркінбай, Әбдікәрімов Дастан, Тілеубаев Файзолла, Шахметов Сержан, Закариянов Талғат, Сәдуақасов Айбек, Динабеков Асан, Ғалымжан Бауыржан, Мұхамеджанова Маржан, Сәдуақасова Айгүл, Смагулова Рымгүл, Жүсіпбаева Рәбиға жастардың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл салтанатты жиында жүргізуші болған Нығмет Сәния сөз мәнерін келтірсе, әуезді әнмен әрлеген Бірлік Сымбат, Нығмет Аяжан, Қабылқайыр Балжанай мен қазақтың ұлттық киімінде би өнерін көрсете білген Смагулова Аружан, Бірлік Аяжан, т.б. өнерпаз оқушылардың өнерлері тамашаланып, отбасылық дуэт болған Әбдікәрімов Дархан мен Құдайберген Нұрайлым әнді нақышына келтіріп, көпшіліктің көңілінен шықты. Одан соң жасыл белдеулі алқап пен волейбол, стритбол және «стрит воркаут» спорттық алаңдарының ашылуы өтті.

Осындай мәдени іс-шаралар мен жарыстарды ұйымдастыруға ат салысқан, зор үлесін қосқан, демеушілік жасаған барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Ауылымызда жастарды салауатты өмір салтына, ауызбіршілікке шақыратын мұндай игі шаралар көп болсын.

Ауыл өмірінде белсенділік танытып жүрген жастарымызға қарап, «сен де бір кірпіш, дүниеге» дегендей, осы заманға сай қалыптасып жатқанын, қоғамда ауыл жастарының да лайықты орны бар екенін дәлелдей түседі. Ең бастысы осы бірлігіміз ажырамай, нығая түссін.


Аян Еңсебаев,

Жұмат Шанин ауылы

Баянауыл ауданы

Павлодар облысы


 




Көрілген: 1021    Пікірлер: 1

сенбі, 06.01.2018, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30