Ел жаңалықтары

Журналист Рахат Мамырбек қайтыс болды

  • © facebook.com

    © facebook.com

Бүгін, 20 желтоқсанда таңертең белгілі журналист, «Азаттық» радиосының редакторы Рахат Мамырбек дүниеден өтті. Бұл туралы оның әріптестері хабарлады.


Журналистің қайтыс болғаны жайлы «Азаттық» радиосының тілшісі Нұртай Лахан Фейсбуктағы парақшасында жазды.


«Мына пәни жалғаннан сені осылай ерте кетеді деп кім ойлаған еді. Жаның жайсаң, мінезің сабырлы, үстіңнен мың қойды айдап өтсе де қыңқ демейтін шыдамды және ерекше білімді едің. Үнемі күліп жүретін мінезіңе қызығушы едік. Сен отырған орта әрқашанда гүл болып тұрушы еді. Бүгінгі хабар қабырғамды қаусатып, еңсемді езіп барады. Бақыл бол, іні-дос!» деді ол.


Әріптестерінің айтуынша, Рахат Мамырбек бұдан оншақты күн бұрын инсульт алып ауруханаға түскен және сол уақыттан бері есін жимаған.


Рахат Мамырбек 1978 жылы, 10 ақпанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетін бітірді.


Университеттен кейін біраз уақыт Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде оқытушылық қызмет жасады. Журналистикадағы қызметін 2001 жылы «Қазақстан» ұлттық телеарнасында бастады. Мұнда ол «Мезгіл» ақпаратты-сараптамалық бағдарламасының редакторы болды.


Одан кейін әр жылдары КТК, 31 арна және «Алматы» телеарналарында жұмыс істеді.


2010 жылдан бері «Азаттық» радиосының Алматы бюросында веб-редактор болып қызмет атқарды. 


baq.kz




Көрілген: 553    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.12.2017, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30