Ел жаңалықтары

Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді? (фото)

  • Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді? (фото)

    Қалталы студенттер: ҚазҰУ-да оқитын бай-бағланның балалары қандай көлік мінеді? (фото)

Еліміздегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ел арасындағы «атышулы» автотұрағына NUR.KZ тілшісі барып қайтты.




Байқағанымыздай, автотұрақ әдеттегі қарапайым емес, қымбат көліктерге толып тұр. Құны 9-10 миллионнан басталатын «Land Cruiser», «Nissan», «Range Rover», «BMW» сияқты көптің қолы жете бермейтін көліктер қаз-қатар тізілген.




Тұрақтың күзетшісі көліктермен көбіне оқытушылардың емес, студенттердің сабаққа келетінін айтты. Осынша қымбат көліктердің басым көпшілігінің иесі оқу орнының студенттері екені анық байқалды. Кешке жақын сабақ уақыты аяқталған соң тұраққа студенттер қаптап келе бастады.




Сабаққа жеке көлігімен келетіндердің көбісі - «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі» мен «Заң» факультетінің студенттері. Мәселен, құны 9 млн болатын «Лексус» автокөлігінің иесі Алмас - экономика факультетінің 3 курс студенті.




Ол өзі айдап жүрген жеке автокөлігін осыдан 3 жыл бұрын әкесі екеуі бірге сатып алғанын айтты.




Ал Заң факультетінің 3 курс студенті Акмаль - «BMW X5» автокөлігінің иесі, айтуынша көлік оған атасынан мұраға қалған. Жеке көлігінің тізгінін ұстағанына осымен үшінші жыл.




Тұрақтағы су жаңа «Toyota» көлігінің жүргізушісі - заң факультетінің 1 курс студенті Жасұлан. Ол көлік айдауды бастағанына біраз болғанын атап өтті. Қазіргі автокөлігін өз сөзінде «жай ғана анамның сыйлығы», - деді.


NUR.KZ




Көрілген: 362    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 10.11.2017, 11:10

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30