Ел жаңалықтары

Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына ауа райы болжамы жарияланды

  • Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына ауа райы болжамы жарияланды

    Қар жауып, аяз болады: қыркүйек айына ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет күздің алғашқы айы – қыркүйекке ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik.


Тамыз айының соңындағы бұлтты және жаңбырлы ауа райы қыркүйекте жалғасады. Айдың басында арктикалық ауа массаларының қарқынды ығысуына байланысты солтүстік, шығыс пен елдің орталығында күн қатты суытуы мүмкін.


Елдің солтүстігінде 1-2 қыркүйекте, орталықта 2-3 қыркүйекте, шығыста 3-4 қыркүйекте түнде ауа температурасы түнде 1… 6 градусқа дейін төмендейді, кей жерде 3 градус аяз болады, күндіз 8…16 градус жылы болады


Тек батыс және оңтүстік өңірлерде күн жылы және жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы күндіз 23…30 ыстық деңгейінде сақталады.


Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, елдің солтүстік бөлігінде қыркүйектің ортасында және үшінші онкүндігінде күн суытып, түнде үсік жүреді, жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласады.


Басқа күндері ауа температурасы аз уақытқа көтеріледі: солтүстікте күндіз 15…25 градус, оңтүстікте 23…30 градусқа дейін болады.


Сөйтіп, қыркүйекте орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында нормадан 1°С жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1°С төмен, ал басқа өңірлерде норма шамасында болады деп болжанып отыр.


Бір айда түсетін жауын-шашынның мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында нормадан төмен, басқа аумақта нормаға жуық болады.


 




Көрілген: 3130    Пікірлер: 0

жұма, 31.08.2018, 17:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31