Ел жаңалықтары

Қарағандыда жылқылар тірідей өртеледі

  • Қарағандыда жылқылар тірідей өртеледі

    Қарағандыда жылқылар тірідей өртеледі

 Соғым уақыты кезінде Қарақұдық ауылының жылқылары айықпас дертке шалдыққан

Қарағанды облысы,Бұхар Жырау ауданына қарасты Қарақұдық ауылының жылқылары емделмес дертке шалдыққан. Індетті алдын алуға шара қолданылмайды. Сондықтан малдарды бірден жағып жіберу керек екен.


«Біз аптаның үшінші күні үйірден жылқыларымызды алып келдік. Сол кезде аяқтарынан жараларды байқадық. Көршілердің айтуымен «полевак» деген дәрі ектік бас кезінде. Түк шықпады. Кейін мал дәрігерлерін шақырдық. Олар «лимфангит» деген диагноз қойып отыр. Енді бұлар мал болмайды. Утилизацияға кетеді», - дейді ауыл тұрғыны Жазира МҮГБЕЛОВА.


Дәл осындай оқиға 2014 жылы да болған еді. Қарағанды облысындағы Ақтөбе ауылында көктем мезгілінде 40 шақты жылқы ел естімеген лимфангит дертіне шалдыққан. Жұқпалы дерт дендеген жылқылардың лимфа тамырлары қабынып, денесін іріңді жара басып кеткен. Арада үш жыл салып, дерт қайта оралды.


«Клиникалық тексерістер жүргіздік,қан алдық. Содан кейін облысқа жібердік сараптаманы. Лимфангит дерті анықталды. Тек қадағалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы айдың аяғында карантин жариялау керек. Күтіп отырмыз»,- дейді ауылдың мал дәрігері Қарлығаш МҰЖАЕВА.


Алғашқыда жылқылардың аяқтары қара қотырланып, артынша сұйық ірің ағып ісініп кетеді екен. Бұл дерттің алғашқы белгілері. Мал дәрігерлері қазір ауруға шалдыққан қамбар ата төлін бөлек қорада ұстап отыр екен.


«Он екі жылқыны жою үшін және карантин жариялау мақсатында Ауыл шарушылығы министрлігінен қаулы жіберілген.Он жұмыс күн ішінде қол қойылып, ауырған жылқыларды өртеу басталады. Артынша бүтін бір ауылда дезинфекциялау жұмысы жүргізіледі», - дейді Бұхар Жырау ауданының Бас мал дәрігері Ерсайын ЖҮНІСОВ. Мал иелерінің шығындары республикалық бюджеттен қарастырылатын болыпты. Яғни қарақұдықтықтар өртенген жылқыларының құнын алады.Тек тұрғындарда жылқының иесі деген тиісті құжаттары болуы тиіс.


ratel.kz


 




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.12.2017, 09:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31