Ел жаңалықтары

Қарағандыда төртем дүниеге келді

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қарағандыда облыстық перинаталдық орталықтардың бірінде төртем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандылық 32 жастағы Регина Горх төрт баланың анасы атанды. Биыл 4 сәуірде ол үш ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Регина Горх балаларына ерекше есімдер берді: Эмма, Вильгельм, Иоганн, Готлиб. Әйел мен оның балаларын перинаталдық орталықтан әкесі күтіп алды.



Дәрігерлердің айтуынша, Регинаның жүктілігі ауыр өткен. Төрт баланы күткендіктен ол 28-аптада перинаталдық орталыққа жеткізілген. Акушер-гинекологтардың арқасында сәбилер анасының құрсағында жатып, қажетті күш пен салмақты жинады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер бұл әйелдің алғашқы жүктілігі болғанын айтып өтті.


"Сәбилер 4 сәуірде кесір тілігімен дүниеге келді. Балаларды көптен күтті. Біз де қатты уайымдадық. Кез келген неонатаолог бірден төрт баланы аман-есен дүниеге әкелдіре алмайды. Сәбилер уақытына жетпей туылды, салмақтары аз. Ең ірісінің салмағы - 1 келі 890 грамм, сосын 1 келі 760 грамм, үшінші сәби 1 келі 745 грамм, ал төртінші сәби небәрі 1 келі 95 граммен дүниеге келді", - деді Облыстық перинаталдық орталықтың директоры Сәуле Аманбекова.


Сондай-ақ, дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің анасы да ұзақ сауықтырудан өткен. Денсаулығы әлсіреген. Бірақ перинаталдық орталықтың дәрігерлері оның денсаулығын толықтай қалпына келтірген.

 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 15:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31