Ел жаңалықтары

Қаржы министрлігі мен СІМ Үкімет өкілінің Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алғанынан хабарсыз

  • © sn.kz

    © sn.kz

"Қазақстан Үкіметінің өкілі Парижден 65 млн еуроға элиталы пәтер сатып алды. Бұл Франция астанасында осы жылы жасалған ең қымбат сауда-саттық болды".


Осындай ақпарат элиталы жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын «Мansionglobal» халықаралық агенттігінің сайтында жарияланған.


Ондағы мәліметке сай, пәтер әйгілі Елисей алаңына жақын жерде, бай-манаптар тұратын ауданда орналасқан. Аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. 5 жатын бөлмесі, спа-аймақ, қызметшілер мен күзетке арналған бөлек орындар қарастырылған. Әсіресе қауіпсіздігі керемет. Терезелерінен оқ өтпейді, және бас сауғалайтын арнайы жер де бар.


Сауданың орын алғанын біздің арна тілшілеріне бельгиялық риелтор де растады.


Игнас Мювиссен, бельгиялық риелтор:


-Жылжымайтын мүлік ресейлік олигархқа тиесілі еді. Оны жеке кездесулер өткізуге қолайлы ету үшін, 100 млн еуродай қаржы құйды. Сатып алушы - Қазақстан Үкіметінің өкілі. Пәтердің нарықтағы бағасы шаршы метрі үшін кем дегенде 20 мың еуро. Яғни үйдің құны 24 миллион еуроны құрайды. Қосымша күшейтулер, жаңғыртулар мен көліктердің құны әрі кетсе 5 миллион еуроға түсуі мүмкін.


Жылдың ем қымбат саудасы туралы мәлімет бірқатар басылымдарда жарияланды. Ал Қаржы министрі мен Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бұл ақпараттан хабарсыз болып шықты. Тіпті ведомстволар бір біріне сілтеді.


Ануар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:


-Бұл сұрақты Сыртқы істер министрлігінің өкіліне қойып тұрғандарыңызға таң қалдым. Мен бұл сұрақ министрліктің құзыретінде емес деп сеніммен жауап бере аламын. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің әрекетіне қатысты түсінік бере алмайды.


astanatv.kz




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.11.2017, 10:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31