Ел жаңалықтары

Қайтыс болған жауынгерде менингококк инфекциясы жоқ

  • Қайтыс болған жауынгерде менингококк инфекциясы жоқ

    Қайтыс болған жауынгерде менингококк инфекциясы жоқ

Павлодар облысының Ақсу қаласынан шақырылған 19 жастағы жауынгер туберкулез менингитінен қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық клиникалық аурухана басшылығының, облыстық туберкулезге қарсы диспансер және облыстық бас эпидемиологтың қатысуымен брифинг өтті.


Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Мәншүк Аймурзиеваның айтуынша, әскердегі жауынгер Құрманғазы аудандық бөлімшелердің бірінде қызмет еткен. Медициналық тексеріс нəтижесінде, сондай-ақ, әскери қызметкердің анасының сауалнамасы бойынша, жігіт бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Ол республиканың басқа қалаларында - Алматы, Астана қалаларында емделген.


- Науқаста жиі бас ауруы тіркелген. 17 мамырда ол облыстық клиникалық ауруханаға түскен. Онда жігіт ми мен жұлын сұйықтығын алғызып, зерттеуден өткен. Молекулярлық диагностика нəтижесінде жауынгерде ми мен жұлынның қабығында туберкулез таяқшасы анықталған. Барлық қажетті сынақтар өткізілгеннен кейін жас жігіт екі апта бойы туберкулезге қарсы препараттармен емделген және облыстық ауруханада мамандардың бақылауында болған.


Осыдан кейін жауынгер облыстық туберкулезге қарсы диспансерге көшірілді. Өкінішке орай, қан тамырлары аурулары асқынған. Бірте-бірте басқа органдардың асқазан-ішек жолдары аурулары, геморрагиялық васкулит аурулары асқынған. Барлық қабылданған ем-шаралары сәтсіз болды. Қазіргі уақытта науқастың медициналық көмекке өтініш беру хронологиясы анықталып жатыр. Ресми тергеу басталып, барлық тиісті органдарға жағдайды сараптау және бағалау үшін арнайы хабарланды", - деді Мəншук Аймурзиева.


Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Саин Шомировтың айтуынша, әскери қызметтегі әскери қызметкердің ауруы жұқпалы емес және ауадағы тамшылармен тасымалданбайды. Флюорография кезінде науқастың өкпесі таза болды, қаза тапқан жауынгердің әскери қызметшілерінің ластану қаупі жойылды.


- Менингококк инфекциясын туберкулез менингит ауруымен шатастырудың қажеті жоқ. Алғашқы ауру түрі тез өтуіне байланысты онда ми мен жұлын туберкулезінің зақымдануы созылмалы түрде жалғасады, - деп атап өтті Мəншук Аймурзиева.




Көрілген: 510    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.06.2018, 12:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31