Ел жаңалықтары

Қазақ елі Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға аттандырды

  • © shymkenttv.kz

    © shymkenttv.kz

Бүгін Алматыда жазушы Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


Қаралы жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамеди ҚР Президенті Нұрсұлтан Назабаевтың хатын оқып берді.


«Шерхан Мұртазаның отбасы мен жақын туысқандарына жазушының ортамыздан өткеніне байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Халқымыздың сүйікті перзенті бүкіл ғұмырын еліміздің өркендеуі мен төл әдебиетіміз, мәдениетіміздің дамуына арнаған бір туар азамат еді», - делінген жолдау хатта.


Сонымен қатар, жазушының шәкірттері мен жақындары сөз сөйлеп, марқұмның туыстарына көңіл айтты.


Сондай-ақ, Астанадағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтті.




 


 


 




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31